Мәскеуде Латвия елшілігіне шабуыл жасалды

0
1 056

Елшілікке бес адам жақындап барып, ғимаратқа түтіндейтін құты лақтырған. Қастық жасағандардың бірі елшілік ғимаратына қара бояумен жазу жазып кетпек болған.​


Мәскеуде Латвия елшілігіне шабуыл жасалды

Мәскеуде Латвия елшілігіне шабуыл жасалып, шабуылға күдікті екі адам ұсталды. Бұл туралы Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич Twitter-де хабарлады,деп жазады Азаттық Радиосы.

Ринкевич Рига Ресей Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық өкілдіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп, нота жолдады.

DELFI сайтының Латвия сыртқы істер министрлігі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға 9 мамыр күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 17:30-да болған. Елшілікке бес адам жақындап барып, ғимаратқа түтіндейтін құты лақтырған. Қастық жасағандардың бірі елшілік ғимаратына қара бояумен жазу жазып кетпек болған.