Мұғалім оқушыларды шалшық суды тазартуға мәжбүрлеген

0
613

Оқиға Қырғызстандағы Ыстық-Ата ауданы Ивановка ауылындағы №1 мектепте болған.


Мұғалім оқушыларды шалшық суды тазартуға мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Қырғызстанда мұғалім оқушыларды шыны ыдыстарымен шалшық суды тазалауға мәжбүрлеген. Желіде оқиғаның видеосы пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқушылардың бірінің анасының айтуынша, оқиға Ыстық-Ата ауданы Ивановка ауылындағы №1 мектепте болған.

"Сағат 9:38-де білім мекемесіне келдім. Балалар мектеп формасымен шалшықтан су тасып жатқан видеосын түсіріп алдым. Балалардың айтуынша, олар таңғы 8:00-ден бастап шалшық суды тазартуға мәжбүр болған. Бірақ жұмыста директор болмаған. Хатшының айтуынша, оларда аула сыпырушы бар. 10-сынып оқушысы қалай мектеп ауласындағы шалшық суды шыны ыдыспен тасып жатқандығын видеоға түсіріп алған. Мектеп директорының орынбасырнан сұрағанымда, ол да бұл жағдайдан хабарсыз болды. Әлеуметтік педагогпен әңгімелесу барысында, балаларды мәжбүрлеген сол екені белгілі болды", - деп жазды ол.