Мұхит жағалауын дронмен түсірген серфер күтпеген жағдайға тап болды (видео)

0
832

Кадрлардан акулалардың жағалауға жақын маңда толып жүргенін көруге болады.


Мұхит жағалауын дронмен түсірген серфер күтпеген жағдайға тап болды (видео)

ERNUR.KZ. Америкалық серфер Флоридада тақтамен жүзген соң мұхит жағалауын әуеден дронмен түсіруді ойлаған, бірақ әуеден жасалған көріністен жағасын ұстаған, деп жазады тengrinews.kz.

33 жастағы серфер Джереми Джостон 18 ақпанда түсірілген кадрларын әлеуметтік желілерде бөліскен. Оның кадрларынан жыртқыштардың жағалауға жақын маңда толып жүргенін көруге болады.

Серфер суда жүзіп жүргендерге тезірек жағаға шығуын айтып, айғайлайған. Келесі күні сол жағалауға ол қайтадан тақтамен жүзуге барған.

Нью-Смирн-Бичте акуланың көптігі сонша, сарапшылар бұл маңды акулалар шабуылының астанасы деп те атайтын көрінеді.