Мұнайдың құлдырауы қай елге пайда әкелетіні белгілі болды

0
680

Мұнай бағасы екі фактордың әсерінен құлдырады.


Мұнайдың құлдырауы қай елге пайда әкелетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Мұнай бағасының күрт төмендеуінен ең көп пайда табатын энергия ресурстарының 80 пайыздан астамын импорттайтын Үндістан болады, деп жазады Stan.kz.

Мұндай қорытындыға CNBC зерттеуіне қатысқан сарапшылар келді.

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі IHS Markit бас экономисі Раджив Висвас жағдайды ел үшін сыйлық деп атады, өйткені бұл инфляция мен импортқа жұмсалатын шығындарды төмендете алады.

Үндістан ұзақ жылдар бойы әлемнің жылдам өсіп келе жатқан экономикасының бірі болып саналды, алайда соңғы уақытта ішкі және сыртқы проблемаларға байланысты бұл мәртебесінен айрылды. 2019 жылдың төртінші тоқсанында ЖІӨ өсімі 4,7 пайызға дейін төмендеді.

Сарапшының пікірінше, арзан мұнай мен газ елдегі мұнай өнеркәсібі, энергетика және көлік сияқты салаларға дем бере алады. Бұл факторлар Үндістан Банкіне базалық мөлшерлемені төмендетіп, бизнеске арзан несиелер беруге мүмкіндік береді.

Сингапурдағы DBS Group-тың экономисі Радхика Рао Үндістанда жағдайдың жақсаруымен мен базаның төмендігімен бірге ІЖӨ-нің жақсы өсімін көрсете алады деп болжады.

Үндістанда наурыз айына дейін жалғасып келе жатқан қаржы жылында ел мұнайға 95,69 миллиард доллар жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға аз. Егер мұнай бағасы барреліне 50 доллардан жоғары болса, оған бүкіл үнді импортының 21 пайызы тиесілі болады. Өткен айда Үндістанның Мұнай және газ министрі Дхармендра Прадхан егер мұнай бағасы барреліне 50 доллардан 60 долларға дейін болса, өзінің бақытты болатынын атап өтті.

Айта кетейік, мұнай бағасы екі фактордың әсерінен құлдырады. COVID -19 пандемиясы бүкіл әлем бойынша шикізатқа деген сұранысты төмендетеді, ал ОПЕК және Ресей мәмілелерінің бұзылуы баға соғысына әкелді. Сауд Арабиясы, Ирак,Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері Еуропаға мұнай жеткізу кезінде рекордтық жеңілдіктер жариялады. Осылайша, олар Ресейден нарықтың үлесін алғысы келеді.