NASA жұлдыздың ғаламат жарқылы түсірілген видео жариялады

0
883

​Күннен бес миллиард есе артық болған жұлдыз жарқылы Жерден 70 миллион жарық жылындай қашықта орналасқан.


NASA жұлдыздың ғаламат жарқылы түсірілген видео жариялады

ERNUR.KZ. АҚШ-тың ұлттық аэроғарыш және ғарыш кеңістігі (NASA) ғалымдары ғаламат жұлдыздың жарқылын жұртшылық назарына ұсынды, деп жазады sputniknews.kz.

Олар жарқылды Хаббл телескопының көмегімен түсірген. НАСА-ның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған видео бір жыл бойы үздіксіз бақылау жүргізудің нәтижесінде түсірілген.

"Хаббл телескопы жарылыс салдарынан жұлдызшалардың ғаламға шашыраған жарқылын түсіріп алды. Бұл жақын аралықтағы уақыт көрінісі емес, бір жылға жуық уақыттық жарық жылдамдығын қамтитын жарқыл. Ол алдымен спиральды галактиканың сыртқы шетінен 70 миллион жарық жылындай жанып тұрған жұлдыз ретінде пайда болды. Бұл біздің Күннен 5 миллиард есе жарқын", – делінген америкалық ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, NASA эпидемиядан кейін жұлдыз көміртегі, темір және гелийге ыдырады деп мәлімдеді.