НАТО Киевке жаңа әскери көмек бөледі

0
586

28 және 30 маусым аралығында Мадрид қаласында альянстың саммиті өтеді.


НАТО Киевке жаңа әскери көмек бөледі

ERNUR.KZ. Бүгін НАТО-ның Қорғаныс министрлері Киевке қару-жарақ пен алыс қашықтықтағы артиллерия жіберетінін мәлімдейді, деп жазады inbusiness.kz.

НАТО украин армиясын посткеңестік қару-жарақтан альянстың қаруына ауыстыруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 28 және 30 маусым аралығында Мадрид қаласында НАТО-ның саммиті өтеді. Оған Украина, Финляндия, Швеция елдері шақырылды.

Жиынға 30 мемлекеттің басшысы келеді. Олардың қатарында Жапония, Австралия, Австрия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Ирландия, Кипр, Мальта және Швеция басшылары бар. Сонымен қатар саммитте Еуропалық институттардың басшылары да қатысады.