Науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шықты - видео

0
1 308

Ер адам ауруханаға қатты мас күйінде жеткізілген


Науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шықты - видео

ERNUR.KZ. Татарстанның Зеленодольск аудандық ауруханасында науқас арқасына пышақ қадалған күйі темекі шегуге шыққысы келді, ол қатты мас болатын, деп жазады sputniknews.kz.

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде пайда болған видеода жартылай жалаңаш адам аурухана дәлізімен кетіп барады, арқасына пышақ қадалып тұр. Дәрігерлер қайда бара жатырсың десе, ол "темекі шегуге" деп жауап берді. Ақыры соңында аурухана қызметкерлері оны сыртқа шықпауға көндірді.


Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет бойынша, ер адамға ота жасалған екен, қазір жағдайы жақсы. Қатты зардап шекпеген көрінеді - бұлшық етіне ғана зақым келіпті.

Ведомство өкілі атап өткендей, науқас удай мас күйінде аудандық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер рентгенге түсіріп, сараптама алған соң, ер адам процедураны күтіп жатқанда, темекі шеккісі келіп, далаға шықпақ болыпты.