​Назарбаев Жапония және Корея басшыларымен кездесті

0
1 591

Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді.


​Назарбаев Жапония және Корея басшыларымен кездесті

Қазақстан Президенті «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.