Nestle қантсыз жаңа шоколад шығармақ

0
911

​Өндірушілер бұған дейін какао бұршағының жемісін лақтырып тастайтын. Енді компания оны қантты алмастыру үшін пайдаланбақ.


Nestle қантсыз жаңа шоколад шығармақ

ERNUR.KZ. Nestle құрамында қант жоқ қошқыл шоколад өндіреді. Оның орнына компания какао бұршағының ақ түсті жемісін қолданбақ, деп жазады inbusiness.kz.

Жаңа рецепт бойынша дайындалған шоколад күзде бірінші болып Жапонияда сатылыды. Өндірушілер бұған дейін какао бұршағының жемісін лақтырып тастайтын. Енді компания оны қантты алмастыру үшін өндірісте барынша пайдаланбақ.

Nestle өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта сүт және ақ шоколадтар да осы тәсілмен жасалынады. омпанияның мұндай қадамға баруына тұтынушылар талғамының өзгеруі мен семіздік пен қант диабетінің өршуіне байланысты жергілікті үкіметтің «пайдалы тағам өндірсін» деген талабы әсер етіп отыр. Келесі жылы Nestle басқа да өнімдерді осы технология бойынша өндіре бастамақ.