Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

0
1 266

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.


Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

фото azh.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанға Түркия Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Режеп Ердоғанды Түркия Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері түрік халқының Сіздің ел басшысы лауазымындағы қызметіңізді жоғары бағалап, жүргізіп отырған саяси және экономикалық реформаларыңызға, сондай-ақ дамудың стратегиялық бағыттарына шынайы қолдау білдіргенін көрсетті.

Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара құрмет пен бауырластыққа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынас екі халықтың мүдделеріне қызмет етіп, болашақта біздің стратегиялық әріптестігіміз сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін, – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі.