Нью-Йоркте оқушыларға вакцина салып жатыр

0
565

Оған шаһарда дельта штамның ушығуы себеп.


Нью-Йоркте оқушыларға вакцина салып жатыр

ERNUR.KZ. Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы оқушылар егіле бастады, деп жазады 24.kz.

Оған шаһарда дельта штамның ушығуы себеп. Салдарынан осы елдің Аурулардың алдын алу және бақылау орталығы оқу орындарында маска тағып жүру тәртібіне өзгеріс енгізген.

Жаңа талапқа сай вакцина салдырмаған азаматтар жабық ғимараттарда маска тағып жүруі тиіс. Салдарынан оқу орындары мұғалім және қызметкерлермен бірге оқушыларды да вакциналауды қолға алған.

"Мен коронавирусқа қарсы вакцина салдыру арқылы ата-анам мен туыстарыма екпенің еш қаупі жоқ екенін дәлелдегім келді. Керісінше, екпе мені жұқпалы кеселден қорғап, достарымның арасында өзімді қауіпсіз сезінетін боламын", - дейді оқушы Ариэль Куеро.