Одесса ауруханасында болған өртте алты адам мерт болды

0
891

Оқиға қауіпсіздік техникасы талаптары сақталмағандықтан орын алған деген болжам бар.


Одесса ауруханасында болған өртте алты адам мерт болды

ERNUR.KZ. 10 маусымда Украинаның Одесса қаласынла психиатриялық ауруханада болған өрт салдарынан алты адам – бес науқас пен бір медбике көз жұмған, деп жазады azattyq.org.

Тағы бес адам иіс тиіп ауруханаға түскен. Бір қабаттық ғимараттың басым бөлігі жанып кеткен.

Өрттің шығуына не себеп болғанын тексеру басталған. Әзірге "қауіпсіздік техникасы талаптары сақталмаған болуы мүмкін" деген болжам бар. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.

Украина президенті Владимир Зеленский қазаға ұшырағандардың туған-туысына көңіл айтып, өрттің себебі мен салдарын анықтау үшін арнайы комиссия тағайындады.