Ойын алаңында аю адамдарға шабуыл жасады

0
1 235

Ресейдің Краснояр аймағында Северо-Енисей ауылындағы оқиға елдің есін шығарды.


Ойын алаңында аю адамдарға шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Қорбаңдаған аю орманын тастап, елді мекенге бет алып, ақыр аяғында балалар ойнайтын алаңға келіп «ойнаған», деп жазады jasqazaq.kz.

Ауыл тұрғындары көшеден алып жыртқышты көре салысымен лезде жергілікті полиция бөлімшесіне хабарласқан. Кең көшеде емін-еркін жүрген аю бір мезетте ойын алаңына қарай беттеген. Осылайша адамға «еркелеген» аю туралы ақпаратты жергілікті ішкі істер басқармасының мәлімдемесі де растапты.

«Тұрғындардан аю көргендері туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен аңшы жедел жетті. Алдымен жыртқышты арнайы әдістер арқылы орманға қайта қуып жіберуге әрекет жасалынғанымен, аю шуға құлақ аспапты. Керісінше қырсығып, адамдарға қарсы шабуыл жасай бастаған соң полиция қызметкерлері табельдік қару қолдануға мәжбүр болған», — деді жергілікті ІІБ баспасөз қызметінің басшысы Владимир Юрченко.