Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды

0
1 222

39 жастағы актриса 140 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіріп кеткен.


Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның танымал актрисасы Гавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секіріп кетті, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 18 қараша күні Қашқадария облысындағы А-380 "Самарканд - Гузар" жолында болған.

Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгірте бастаған. Актриса есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтататын ойы болмады. 39 жастағы әйел көліктен секіріп кетті. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Әпке", "Алданған әйел" сынды фильмдерге түскен.