Оксфорд төртінші рет әлемнің ең үздік университеті атанды

0
1 468

Тізімге әлемнің 1300-ге жуық жоғары оқу орыны қамтылған.


Оксфорд төртінші рет әлемнің ең үздік университеті атанды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Оксфорд университеті төртінші рет әлемнің ең үздік оқу орны атанды, деп жазады baq.kz.

“Times Higher Education magazine” ұйымы жыл сайын әлемнің ең таңдаулы оқу орындарының ретингін жасайды. Биылғы жылы озық оқу орындарының көшін Оксфорд университеті бастаса, екінші орында АҚШ-тың Калифорния технология университеті иеленді. Ал әлемге танымал “Cambridge” – үздік үштікті түйіндеді.

Алғашқы ондыққа кірген университеттер қатарында – төртінші орында Стэнфорд университеті, бесінші орында Массачусетс технология университеті, алтыншы, жетінші орындарда Пристон мен Харвард жоғары оқу орындары жайғасса, сегіз, тоғыз, оныншы орындарды Йель, Чикаго университеттері және Лондон қалалық Император коллерджі жеке жеке иеленді.

Өздеріңіз байқап отырғандай, әлемнің ең таңдаулы 200 университетінің алғашқы ондығынан АҚШ-тың 7 университеті орын алған екен.

Дегенмен, “Times Higher Education magazine” ұйымының бұл тізіміне әлемнің 92 елінен 1300-ге жуық жоғары оқу орыны қамтылған.

Рейтинг барысында университетердің қызметтері, мұғалімдердің біліктілігі, ғылыми жетістіктері, халықаралық байланыстар, бітірушілерінің жұмыспен қамтылуы мен сұранысы, шетелден келіп білім алатын студенттердің саны қатарлы талаптар ескерілген.