Оқушы қыз телефоннан музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған

0
1 072

Қыздың мойны мен қолы күйік алғаны айтылады.


Оқушы қыз телефоннан музыка тыңдап жатқан кезде қайтыс болған

ERNUR.KZ. Таиландтың солтүстік-шығысындағы Ройет қаласында оқушы қыз қуаттау құрылғысына қосылған смартфоннан музыка тыңдап жатқан кезінде қайтыс болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, 16 жастағы Таниалук Фай Пхадасридің денесі 10 қыркүйекте, бейсенбіде табылған. Ол күйіп қалған телефонды қолына қысып жатқан күйі табылды. Мойны мен қолы күйік алғаны айтылады.

Марқұмның әкесі қызына жүрек-өкпе реанимациясын жасауға тырысып, дәрігерлерді шақырған. Алайда Пхадасриге көмектесу мүмкін болмады, оқиға орнына келген дәрігерлер оның өлімін тіркеді.

Полицейлердің айтуынша, қыз өз бөлмесінде отырған. Құлаққап арқылы телефоннан музыка тыңдап отырған сәтте оны ток ұрған делінеді.