Өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталушы түрмеден босап кеткен

0
1 563

31 жастағы сотталушы 2010 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген.


Өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталушы түрмеден босап кеткен

ERNUR.KZ. Бала зорлағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған америкалық сотталушы қателікпен түрмеден босап шыққан, деп жазады baq.kz.

CNN мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 25 қазан күні АҚШ-тың Джорджия штатындағы Рейдсвилл қаласында болған.
"Штаттың түзету мекемесіне жауапты департамент өкілдері Тони Майкон Мунос-Мендесті (Tony Maycon Munoz-Mendez) іздестіру үшін барлық қызметтерін іске қосты", - делінген хабарламада.

31 жастағы сотталушы 2010 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген. Ол кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлап, жәбірлегені үшін сотталған