Өмір сүру сапасы бойынша Қазақстан 71 елдің ішінде 69-орында

0
1 785

Ал соңынан санағанда бірінші болып Египет және Иран тұрақтаған.


Өмір сүру сапасы бойынша Қазақстан 71 елдің ішінде 69-орында

фото: astana.gov.kz

ERNUR.KZ. Бүкіләлемдік Numbeo деректер жүйесінің сараптама мамандары әр түрлі елдердегі өмір сүру сапасының 2019 жылғы рейтингін жариялады. 71 мемлекеттен құралған тізімде Қазақстан 69-ыншы орыннан бір шықты, деп жазады NUR.KZ.

Бұл рейтингті жасау кезінде халықтың сатып алу қабілеттілігі, қауіпсіздігі, денсаулық сақтау деңгейі, өмір сүру бағасы, жолға кететін орташа уақыт көрсеткіші, экологиялық және климаттық жағдайы зерттелген.

Сарапшылар алғашқы орындарды Дания, Швейцария және Финляндия елдеріне беріпті.

Ал соңынан санағанда бірінші болып Египет және Иран тұрақтаған. Қазақстан болса тізімнің 69-шы орнын місе тұтыпты.