​Он еркекке ВИЧ жұқтырған әйел бір жылға сотталды

0
1 310

Сот үкімі жақында шығарылған.


​Он еркекке ВИЧ жұқтырған әйел бір жылға сотталды

ERNUR.KZ.Шаартуз аудандық соты он еркекке ВИЧ жұқтырған жеңіл жүрісті әйелді бір жылға соттады. Сот үкімі жақында шығарылған, деп жазады centralasian.org/a.

А.З. есімді әйел бірнеше кісіге ауру жұқтырғаны үшін сотталды.

Шаартуз аудандық сотының 7 тамызда хабарлауынша, А.З. сотта бұл іспен шұғылдануды қойғанын айтқан. Сот оның отбасының экономикалық жағдайының нашарлығын ескеріп, үкімді жұмсартты.

Шаартуз аудандық прокуроры Умед Каримзоданың айтуынша, мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға екі жыл сұраған.

"Бірақ сот әйелдің жасаған қылмысы үшін өкінгенін ескерді", - деді Каримзода.

Үкім шыққанына әлі он күн толған жоқ, сотталушының туыстары мен оның адвокаты үкімге шағымдануы мүмкін.

Сотталушы 30 жаста, оның екі баласы бар. Ажырасқан соң ол ақылы секспен айналысқан, 2014 жылдан бері ол ВИЧ/СПИД-пен күрес орталығында тіркеуде тұр. ВИЧ жұқтырғаны анықталғанына қарамастан, ол тәнін саудалауды тоқтатпаған. Жеңіл жүрісті әйелден ауру жұқтырғандардың барлығы - Шаартуз ауданының тұрғындары.