Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол апатынан кейін елден шығу ережесін қатаңдатпақ

0
721

Енді шетелдіктер кетер алдында қылмыстық істерге байланысты тексеруден өтеді.


Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол апатынан кейін елден шығу ережесін қатаңдатпақ

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея қазақстандықпен болған жол-көлік оқиғасынан кейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктерге елден шығу ережесін қатаңдатады, деп жазады Tengrinews.kz.

Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі заңсыз жүрген шетелдіктер 3-15 жұмыс күні аралығында жақын жердегі иммиграциялық орталыққа немесе шетелдіктердің орталығына (вегук орталығы) елден шығатыны туралы хабарлауы тиіс екенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, шетелдіктер кетер алдында қылмыстық істерге байланысты тексеруден өтеді.

Өтінім үлгісі елдің бас көші-қон басқармасының сайтында қолжетімді болады. Сондай-ақ, паспорт, билетті көрсету керек.

Бұған дейін заңсыз тұрып жатқан шетелдіктер Оңтүстік Кореядан билікке хабарламай қайта алатын. Қазіргі жүйе 21 қазанда күшін жояды, ал өз еркіңмен кету үшін өтінім 14 қазаннан бастап қабылданады.

The Korea Times мәліметтері бойынша, күшейтілген ережелер жолда баланы қағып кеткен және келесі күні елден кетіп қалған қазақстандықтың оқиғасынан кейін күшіне енгелі отыр.

Бұған дейін корей БАҚ өкілдері 20 жастағы қазақстандық 7 жасар баланы қағып кетіп, елден қашып кеткенін хабарлаған болатын. Бала көптеген жарақат алған, оған ота жасалды.