​Оңтүстік Корея полицейлері өзбекстандық студентті соққыға жықты (видео)

0
1 318

Оның барлық құжаттары болған және елде жүруі заңды


​Оңтүстік Корея полицейлері өзбекстандық студентті соққыға жықты (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда полицейлердің өзбекстандық студентті соққыға жыққаны жайлы ақпарат жергілікті БАҚ-қа шықты, деп жазады ca-news.org.

Ақпарат бойынша, полицилейлер Өзбекстан азаматы болып табылатын жас студентті ұстаған.

«Оның барлық құжаттары болған және елде жүруі заңды. Бірақ полицейлер оны ағаш түбіне апарып ішінен ұрады», - деп жазды YTN басылымы.

Басылым мәліметінше, студент оқу ақысын төлеу үшін құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген. Полицейлер студентке құжат көрсетуін талап еткенде, ол тыңдамай жұмысын жалғастыра бергені туралы айтылады. Сонымен қатар, студенттің қолында құрал болған, оны полицейлер доқ көрсету деп түсінген.

Чангвон қаласының иммиграциялық басқармасы шетелдік студент тексеру кезінде бірден жауап бермеді және қарсылық танытты деп түсіндірді. Дегенмен, студенттің елде жүруі заңды болса да 5 күн қамауда болған деп жазады жергілікті басылым.

Иммиграциялық орталық Әділет Министрілігінен зардап шегушіден адам құқықтары бойынша барлық құқықтық шаралардың сақталмағандығы үшін (Миранда ережесін қоса алғанда) кешірім сұрап, компенсация төлеуді талап етті.

Ақпарат үшін: Миранда ережесі - Америка Құрама Штаттарында қолданылатын заң талабы, осы ережеге сәйкес, тәртіп сақшысы ұсталған адамға сол жерде құқықтары туралы айтып беруі тиіс әрі "айтқандарымды ұқтыңыз ба?" деген сұрағына "ұқтым" деп жауап алуға міндетті.