​Оңтүстік Кореяда 5G интернет желісі іске қосылды

0
1 124

Дерек алмасу жылдамдығы секундына 2,7 гигабит , бұл Ви-Ар және Ю-Эйч-Ди контентін жүктеуге мүмкіндік береді.


​Оңтүстік Кореяда 5G интернет желісі іске қосылды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның ең ірі операторы 5 ДЖИ стандартындағы жедел әрі қауіпсіз байланыс желісін іске қосқанын жариялады, деп жазады 24.kz.

Оның жұмысын бүкіл ел аумағында орнатылған 34 мың станса қамтамасыз етеді. Байланыстың осы түрін 85 қалада пайдалануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ ол жүрдек пойыздар мен күре жолдарда, стадиондарда, метрода, тіпті жағажайларда да қолжетімді болады. Оператор кеңсесінде 5 Джи байланысының мүмкіндіктері көрсетілді.

Бариста:

- Қандай кофе қалайсыз?

Қыз:

- Ыстық американоны әзірлеп беріңізші.

Бариста:

- Ыстық американоны демдеп жатырмын!

Жасанды интеллектпен жабдықталған бариста тұтынушылармен сөйлесе алады. Байланыс жылдамдығы артқандықтан, ол бұйрықты тез түсініп, жылдам қозғалады. Дерек алмасу жылдамдығы секундына 2,7 гигабит , бұл Ви-Ар және Ю-Эйч-Ди контентін жүктеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 5 джи желісі онлайн-ойындарды, пилотсыз көліктер мен роботтардың жұмысын жақсартады. Ал ғаламторда тауардың үш өлшемді пішінін көруге болады.