Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектірген екі адам қайтыс болды

0
2 485

Олардың екеуінде де вакцина екпестен бұрын басқа сырқаттары болған.


Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектірген екі адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазір жергілікті билік нақты осы препараттың екі адамның өліміне себепші болған-болмағанын тергеуде. Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектіргеннен кейін екі адам қайтыс болды,деп жазады Inbusiness.kz.

Ресми мәлімет бойынша, олардың екеуінде де вакцина екпестен бұрын басқа сырқаттары болған.

Бірінші оқиға Коян қаласындағы қарт адамдарға күтім жасайтын ауруханада тіркелді. 26 ақпанда 50 жастан асқан адамға екпе жасалған. Бастапқыда жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалып, тыныс алуы нашарлағандықтан науқас ауруханаға жатқызылды. Оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған еді. Алайда бір күн өткен соң, оның денсаулығы тағы да нашарлап, ол көз жұмды. Мамандардың сөзіне сенсек, науқаста жүрек ауруы, қант диабеті болған және бұған дейін ол инсульт алған көрінеді.

Кенгидо провинциясының Пхентхэк қаласында қарттарға арналған ауруханада тағы бір науқас қайтыс болды. 63 жастағы ер адам вакцина ектіргеннен кейін төрт күн өткен соң көз жұмды. Науқастың цереброваскулярлық сырқатпен ауырғаны белгілі. Препарат қабылдағаннан кейін пневмония және сепсис белгілері тіркелген.

Қазір жергілікті билік AstraZeneca препаратының осы екі адамның өліміне себепші болған-болмағанын тергеп жатыр.