Оңтүстік Кореяда қазақ оюлары салынған бетперделер пайда болды (видео)

0
1 454

Қаңтар айынан бастап отандасымыз жүздеген бетперде жасап үлгерді.


Оңтүстік Кореяда қазақ оюлары салынған бетперделер пайда болды (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстандық Динара Қошқарбаева қазақ ұлттық оюлары бар бетперделерді Сеул тұрғындарына тегін үлестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Динара Қошқарбаева Сеулге Жезқазғаннан он жыл бұрын келген. Кореяда отбасын құрған. Ол Сеулдегі мектептердің бірінде қазақ мәдениетінен сабақ беріп, қазақтың ұлттық киімдерін тігеді.

Қаңтар айында Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырған алғашқы науқас тіркелген. Сол кезде Дианара қорғаныс құралдарын тігу туралы шешім қабылдады. Содан бері отандасымыз жүздеген бетперде жасап үлгерді.



– Осы оюды көріп әдемі екен, қара мен ақты бересіз ба? Енді мен түсіндіремін. Қазақтың қошқар мүйізі, осындай біздің ұлттық оюмыз деп. Мұғаліммін. Қазақстанның мәдениеті жайында сабақ беремін, - дейді Сеул қаласының тұрғыны Динара Қошқарбаева.