Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды

0
591

Ол телефон алаяқтарымен қатысы бар деп айыпталып отыр.


Оңтүстік Кореяда қазақстандық ұсталды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореядағы Кванджу қаласының полициясы 28 қазанда елде заңсыз жүрген 26 жастағы қазақстандықты ұстады, деп жазады Тengrinews.kz.

Ол телефон алаяқтарымен қатысы бар деп айыпталып отыр.

Дереккөз мәліметінше, қазақстандық 500 мың вон (шамамен 194 мың теңге) сыйақы үшін біреуден 35 миллион вон (шамамен 13,6 миллион теңге) алуы керек болған.

Осылайша қазақстандық егде жастағы кісілерді телефон арқылы алдап, олардан бар жинаған ақшасын пакетке салып, есік алдына қойып қоюын талап еткен.

"Қазақстан азаматы ақша салынған пакетті алып, Кенгидо провинциясынан асып өтіп, ақшаны өзге біреуге тапсырған. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазады басылым.

Редакция Қазақстанның СІМ өкілдерінен осы мәселеге қатысты пікір білдіруін сұрады.