Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: Екі қазақстандық қаза тапты

0
952

Өрттің салдарынан жалпы 38 адам қайтыс болды.


Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: Екі қазақстандық қаза тапты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның логистикалық қоймасының құрылыс алаңында болған өрт кезінде екі қазақстандық қаза тапты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"2020 жылдың 29 сәуірінде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласындағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, 38 адам қайтыс болды. Тағы 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік әліметінше, 38 адамның 29-ы кім екені анықталды. Оның ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біздің дипломаттар Сеулмен байланыста. Тағы 9 адамның кім екені анықталып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр", - дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, екі қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеген.