Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта көбейе бастаған

0
686

Оңтүстік Корея - коронавирус індеті тараған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. 51,6 млн халқы бар елде 10 822 адамнан коронавирус табылған, 256 адам қайтыс болған.


Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта көбейе бастаған

ERNUR.KZ. Сеул билігі коронавирус жұққандар саны қайта көбейе бастаған соң қала орталығындағы клубтар мен барларды жапты, деп жазады baq.kz.

Сәуір айының соңында Оңтүстік Кореяда карантин шаралары жұмсарған болатын, алайда қалада індет қайта тарай бастаған.

Сенбі, 9 мамырда Оңтүстік Кореяда 18 адамнан коронавирус табылған. Билік өкілдерінің айтуынша, Сеулдегі түнгі клубқа барған 17 адамнан вирус анықталған. Бұл түнгі клубта 1,5 мың адам болған.

Оңтүстік Корея - коронавирус індеті тараған әлемдегі алғашқы елдердің бірі. 51,6 млн халқы бар елде 10 822 адамнан коронавирус табылған, 256 адам қайтыс болған.

9 мамыр күнгі ақпарат бойынша, әлемде 4 миллионға жуық адамнан коронавирус табылған.