Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді

0
659

Елде интенсивті терапия бөлімінің 70 проценттейі науқастарға толған.


Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді

ERNUR.KZ. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы бір күнде 4 мыңнан аса адам дертке шалдығып, елде коронавирусты жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелген, деп жазады 24.kz.

Елде интенсивті терапия бөлімінің 70 проценттейі науқастарға толған. Сеулде бұл көрсеткіш 83 пайызға жетіп отыр. Науқастар санының күрт артуына байланысты ауруханаларда шұғыл жаңа төсек-орындар дайындалып жатыр.

"Жағдай күрделі. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқастар саны күн сайын артып келеді. Әсіресе, жасы 60-тан асқан қарттардың вирусты жұқтыруы көбейді", - деп жазады Сон Ёнг Ре, Оңтүстік Коеря денсаулық сақтау министрлігі ресми өкілі.