Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын пышақтап кетті

0
887

15 жерден пышақтап кеткен Акимханов Арман есімді отандасымыз көрінеді.


Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын пышақтап кетті

ERNUR.KZ. 29 ақпан күні кешкі 8-дер шамасында Тхэбек (Taebaek) қаласында тұратын отандасымыз Керімов Билібекті пышақтап кеткен, деп хабарлайды ktk.kz.

Сұмдық жаңалықты Кореядағы қазақ қауымдастығының Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады. Ресми парақшаның хабарлауынша, Билібекті 15 жерден пышақтап кеткен Акимханов Арман есімді отандасымыз көрінеді.

Билібектің сөзінше, жұмыс барысында екеуі сөзге келіп қалған. Кешке мәселені шешуі үшін Арман оған есік алдына шығуын сұрап, пышақтап кеткен. Жергілікті полиция Арманға іздеу жариялаған болатын.