Орталық Америкадағы 4 ел жарықсыз қалды

0
717

Электр желісіндегі іркіліс Никарагуада басталып, бұл ақау орталықамерикалық энергетикалық интеграциясының (SIEPAC) жүйесіне әсер еткен.


Орталық Америкадағы 4 ел жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Гондурас, Гватемала, Никарагуа және Сальвадор елдері апат салдарынан электр қуатынсыз қалды. Бұл туралы Гондурастың Ұлттық энергетикалық компаниясы жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Дерек бойынша, электр желісіндегі іркіліс Никарагуада басталып, бұл ақау орталықамерикалық энергетикалық интеграциясының (SIEPAC) жүйесіне әсер еткен. Жүйе операторлары мен ENEE мамандары қазір қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, маусым айының ортасында Аргентина мен Уругвай тұрғындары толықтай жарықсыз қалған еді. Ол кезде Бразилияның оңтүстігі мен Чилидің бірқатар қаласы электр қуатынан ажыраған болатын. Мамандардың айтуынша, апатқа Аргентина жағалауындағы қос электр станциясы арасындағы тасымалдау жүйесінің істен шығуы себеп болған.