«Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды

0
454

Америка кино академиясының 95-ші мәрте ұйымдасырған шарасы үздік туындалармен толықты.


«Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды, деп жазады «Хабар 24».

Америка кино академиясының 95-ші мәрте ұйымдасырған шарасы үздік туындалармен толықты.


Анимациялық фильм номинациясы бойынша Гильермо дель Тороның «Пиноккио» туындысы биіктен көрінді. Ал «Үздік екінші пландағы актер» номинациясында вьетнамдық актер Ке Хюи Куан жеңіске жетті.

«Екінші пландағы үздік актриса» марапаты дәл осы фильмде басты рөлдің бірін сомдаған 64 жастағы Джейми ли Кертиске берілді. Ал «Шет тіліндегі үздік фильм» деп неміс жазушысы Эрих Мария Ремарктің «Батыс майданда өзгеріс жоқ» романы желісімен түсірілген фильм танылды.

«Үздік операторлық жұмыс», «Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы», «Үздік саундтрек» және «Үздік қоюшы-суретші жұмысы» да осы туындыға бұйырды.