Отбасы FaceApp арқылы 18 жыл бұрын жоғалған баласын тауып алды (видео)

0
1 314

Шэньчжэнь қаласында 2001 жылдың мамыр айында 3 жасар Ю Вейфен әкесі жұмыс істейтін құрылыс кешеніне жақын жерде ойнап жүрген. Бала жоғалып кетіп, ата-ана дереу полицияға жүгінген.


Отбасы FaceApp арқылы 18 жыл бұрын жоғалған баласын тауып алды (видео)
ERNUR.KZ. Қытайда ерлі-зайыптылар 18 жыл бұрын ұрлап кеткен баласын іздеген. FaceApp нейро желісі арқылы баланың қазіргі кезде бет келбеті қандай болатынын көрсетті деп жазады Qamshy.kz.

Шэньчжэнь қаласында 2001 жылдың мамыр айында 3 жасар Ю Вейфен әкесі жұмыс істейтін құрылыс кешеніне жақын жерде ойнап жүрген. Бала жоғалып кетіп, ата-ана дереу полицияға жүгінді. Өкінішке қарай, видеобақылау камералары арқылы баланың қайда кеткенін де анықтау мүмкін болмады. Ұрланған бала із-түссіз кетті. Бірақ, тергеушілер баланың ұрлап кеткені туралы анық білді.
Бірақ 18 жыл бойы Ронг және Ю есімді ерлі-зайыптылар перзентін іздеуді доғарған жоқ. Олар оның суретін қаланың түкпір-түкпіріне жабыстырып, баланы тапқан адамға үлкен сыйақы тағайындауға уәде берді.
Осыншама уақыттан кейін полиция FaceApp-та қолданылатын нейрожелі арқылы қазіргі кезде 21 жастағы ер жігіттің суретін шығарып алды. Бейнеде Ю Вейфеннің кішкентай кездегі суреттері қолданылды.

Нейрожелі екі ай бойы балаға қатысты мәліметтер жинап, оны жүздеген жаспен салыстырды. Бағдарлама Ю Вейфенді Гуанчжоудағы университеттердің бірінің студенті етіп шығарды. Содан кейін полиция жас жігітпен кездесті. Басында Ю Вейфен өзінің ұрланғанына еш сенбеген. Бірақ, ДНК-тесті арқылы тексеріліп, ол ерлі-зайыптылардың баласы екені анықталды.


Полиция қазір адам ұрлау дерегі бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан, қазіргі таңда Ю Вейфеннің осы күнге дейін қайда болғаны жарияланған жоқ.