Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео

0
912

​Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірнеше адамның көлікті мұздан өздері шығарғаны хабарланып отыр.


Отыз бірдей көлік мұз астына түсіп кетті – видео

ERNUR.KZ.Ресейдің Приморский өлкесінде мұз ойылып, 30 көлік суға кетті, деп жазады sputniknews.kz.


Оқыс оқиғаның видеосы YouTube желісінде жарияланған. Кадрдан адамдар мен суға батып бара жатқан көліктерді көруге болады.

"Анығын білмедім, 30 көлік бар сияқты. Асығыңыздар! Кейбіреуіне асығудың да қажеті жоқ сияқты", - дейді роликтің авторы.

Приморский өлкесіндегі Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы суға 45 көліктің батып кеткенін хабарлады. Алайда кейбір көліктер суға жартылай батыпты, бұл автокөліктің иелері өз күшімен жағаға шыққан.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.