Оқушы маңдайына "екі" қойылған мектеп директоры мен екі орынбасары жұмыстан қуылды

0
1 857

Бұған қоса, өз қызметтеріне жауапсыз қараған директордың екі орынбасары жұмыстан шығарылды. Оқушыларды мазақ қылғаны үшін бастауыш сыныптардың екі мұғалімі жұмыстан айрылды.


Оқушы маңдайына

Өзбекстанның халық білімі министрлігі Ташкент облысы Бекабад қаласының №5 мектеп директоры Д. Бабамуратова жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Бұл мектепте бірінші сыныптың төрт оқушысының маңдайына "екі" қойып берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін хабарланғандай, Бекабад қалалық прокуратурасы мен Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы төрт оқушының маңдайына екі қойған оқытушы ісін тексерген. Жазаланған балалардың суреттері бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде тараған.

Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасының хабарлауынша, мұғалім тәртіпсіз және үлгерімі төмен оқушылардың маңдайына "екі" салып берген. Мұғалімнің бұл әрекетін прокуратура "психологиялық азаптау" деп бағалаған.

Сол себепті мектеп директорымен еңбек келісім-шарты үзілген. Бұған қоса, өз қызметтеріне жауапсыз қараған директордың екі орынбасары жұмыстан шығарылды. Оқушыларды мазақ қылғаны үшін бастауыш сыныптардың екі мұғалімі жұмыстан айрылды.

Ташкент облыстық халыққа білім беру басқармасы басшысының орынбасары Шукур Бурханов мұғалімдердің әрекеттерінен зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесіп, олардан кешірім сұрады. Басқарма барлық білім беру мекемелерінде талқылау жүргізді. Халық білім министрлігі оқушылардың құқықтарын бұзғандар қатаң жазаланатынын мәлімдеді.

дереккөз: centralasian.org