Өзбекстан алтын сатуды тоқтатты

0
599

2021 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша Өзбекстанда қордағы ақша 35,1 млрд долларды құрайды. Бір ай ішінде 965 млн долларға өскен.


Өзбекстан алтын сатуды тоқтатты

ERNUR.KZ. Қазір әлем нарығында алтын унциясы бағасы 1782 доллар. Баға түскен себепті Өзбекстанның Орталық банкі алтын экспортын уақытша тоқтатты, деп жазады centralasian.org.

2021 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша Өзбекстанда қордағы ақша 35,1 млрд долларды құрайды. Бір ай ішінде 965 млн долларға өскен.

Ондағы алтын қоры 21,5 млрд доллар. Яғни 367 тонна алтын.

Былтыр пандемияға байланысты алтын бағасы түсіп, Өзбекстан алтыны сыртқа сатуды уақытша тоқтатқан. Биыл мамыр айында баға унциясына 1900 долларға көтерілген. Осыдан кейін Өзбекстан алтын сатуды қайта қолға алған. Осыдан кейін 1,2 млрд долларға алтын сатқан.