Өзбекстан астанасы мерекелік отшашудан бас тартты

0
1 827

Бұл жағдайға ауа райының қолайсыздығы себеп болыпты.


Өзбекстан астанасы мерекелік отшашудан бас тартты

Биыл Өзбекстан астанасында жаңажылдық отшашу болмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputniknews Өзбекстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеген. Қалалық әкімшілік өкілдері мұндай жаңашылдықты "ауа райының қолайсыздығымен" түсіндірді.

Сонымен қатар, әкімдіктегілер Ташкент тұрғындары үшін барынша мерекелік көңіл-күй сыйлауға талпынып жатқан көрінеді. Қалада сегіз автобустан тұратын колонналар (жаңажылдық гирляндтармен безендірілген) жүр.