Өзбекстанда «Док-1 Макс» препаратына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
620

7 желтоқсанда Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі «Док-1 Макс» препаратын қабылдаған 18 баланың көз жұмғанын растайтын тексеру нәтижесін жариялады.


Өзбекстанда «Док-1 Макс» препаратына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) 18 баланың тұмауға қарсы үнді дәрісінен кейін көз жұму оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстанның дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының қорытындысына сәйкес, «Док-1 Макс» шәрбаты белгіленген талаптарға сай болмай шыққан.

«Док-1 Макс» шәрбатында кездесетін этиленгликоль заты науқастың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта импорттаушы компания «Quramax Medical» ЖШҚ және «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарламасында.

Еске салсақ, 27 желтоқсанда Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі «Док-1 Макс» препаратын қабылдаған 18 баланың көз жұмғанын растайтын тексеру нәтижесін жариялады. Ал Қазақстан билігі бұл дәрінің елде тіркелмегенін және сатылымда жоқ екенін хабарлады.