Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 23-ке жетті

0
544

Бұл туралы Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 23-ке жетті

ERNUR.KZ. Өзбекстанда тағы бес адамнан коронавирус анықталып, науқастардың саны 23 адамға жетті, деп жазады Тengrinews.kz.

Министрлік мәліметінше, 15 наурызда Франциядан оралған әйелден коронавирус анықталған. Ал сәрсенбіде вирус жұқтырғандардың саны 18 адамға жеткен.

"Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Өзбекстанда тағы бес адамнан коронавирус анықталды", - деді министрліктің ресми өкілі.

Оның айтуынша, инфекция Франциядан оралған әйелдің екі туысынан анықталған. Сондай-ақ, осы аптада Ыстамбұл мен Лондоннан ұшып келген екі жолаушы да COVID-19 жұқтырған. Олардың барлығы карантинге жатқызылған.