Өзбекстанда коронавирустың "ұлыбританиялық штамы" табылды

0
2 291

Вирус Дубайдан отбасы мүшелерімен оралған ташкенттік әйелден табылды.


Өзбекстанда коронавирустың

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус инфекциясының "ұлыбританиялық штамын" жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау вице-министрі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және денсаулық сақтау қызметінің бастығы Баходир Юсупалиев мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Ұлыбританиялық штамм" 23 қаңтарда Дубайдан отбасы мүшелерімен оралған ташкенттік әйелден табылды. Әуежайда өткізілген жедел тест оң нәтиже көрсеткен. Кейін науқас жедел жәрдеммен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Сол күні ауруханада жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, науқастан симптомсыз COVID-19 анықталды", - делінген хабарламада.