Өзбекстанда некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді

0
593

Осыған дейін Өзбекстанда некеге тұрған азаматтар негізінен күйеуінің фамилиясын таңдап немесе әйелі өзінің фамилиясында қалған.


Өзбекстанда некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Өзбекстанда азаматтарға некеге тұрғанда қос фамилия алуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің әділет министрлігі жанындағы мемлекеттік қызметтер агенттігі мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Жас жұбайларға қос фамилия алуға рұқсат беріледі. Мысалы, күйеуінің фамилиясы Ахмедов, әйелінікі Шухратова болса, некеге тұрар кезде, олар екі фамилияны тең көрсете алады. Атап айтқанда, күйеуі Ахмедов-Шухратов, әйелі – Ахмедова-Шухратова деген фамилия алса болады", - деп жазылған мекеме мәлімдемесінде.

Осыған дейін Өзбекстанда некеге тұрған азаматтар негізінен күйеуінің фамилиясын таңдап немесе әйелі өзінің фамилиясында қалған.