Өзбекстанның тумасы Нью-Йорктегі лаңкестік оқиғаға кінәлі деп танылды

0
558

Алды оны өлім жазасына кесу не өмір бойына түрмеге қамау бойынша шешім қабылданады.


Өзбекстанның тумасы Нью-Йорктегі лаңкестік оқиғаға кінәлі деп танылды

ERNUR.KZ. 2017 жылы Нью-Йоркте Хэллоуинде лаңкестік шабуыл жасаған Өзбекстанның тумасы Сайфулло Саипов кінәлі деп танылды және қазір өлім жазасына кесіліп не өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"2017 жылдың 31 қазанында Нью-Йорктегі танымал велосипед жолына шығып, жүк көлігімен аса үлкен жылдамдықта сегіз адамды өлтірген Ислам экстремисті 28 қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды", — делінген хабарламада.

Сот Саиповты қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде кісі өлтіру мен шетелдік террористік ұйымды қолдағаны үшін кінәлі деп тапқанға дейін екі күн ішінде шамамен жеті сағат бойы кеңескен.

"Алқабилер бірнеше күн ішінде сотқа қайта оралып, оның өлім жазасына кесілуі керек пе, әлде өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізу керек пе, соны шешуге көмектесетін қосымша дәлелдерді тыңдайды", — делінген хабарламада.

Нью-Йоркте өлім жазасына кесу үшін барлық 12 алқаби қолдау керек.

2017 жылдың 31 қазанында Нью-Йоркте Саиповтың басқаруымен жүк көлігі Манхэттен ауданының оңтүстік-батыс бөлігіндегі велосипед жолына шығып, жолда болған адамдарды қағып, ақыры мектеп автобусын соқты. Нәтижесінде сегіз адам қаза тауып, оннан астамы зардап шекті. Билік бұл оқиғаны террорлық шабуыл ретінде таныды.