Қозысын құтқарамын деп жолбарыспен айқасқан қыз желіде қызу талқыға түсті

0
2 947

Оқиға Үндістанда орын алған. Шағын, кедей ауылдың тұрғыны 22 жастағы Рупали Мешрам есімді бикеш қозының жан даусын естіп, далаға жүгіріп шығады. Бикештің көзіне қозыны асқа айналдырмақ болып ұмтылған жолбарысқа түседі.


Қозысын құтқарамын деп жолбарыспен айқасқан қыз желіде қызу талқыға түсті

Көзсіз батырлық па? Әлде малыма жаным садағаның кері ме? Желі қолданушылары осы сұрақтың түбегейлі жауабын таба алмай дал болуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Reactor-ға сілтеме жасап.
Оқиға Үндістанда орын алған. Шағын, кедей ауылдың тұрғыны 22 жастағы Рупали Мешрам есімді бикеш қозының жан даусын естіп, далаға жүгіріп шығады. Қыздың көзіне қозыны асқа айналдырмақ болып ұмтылған жолбарысқа түседі. Сол кезде-ақ ол қолына шыбық ұстап аң патшасымен жекпе-жекке шығады. Жыртқыш қозыны қоя беріп, қызды бас салады.
Абырой болғанда қызды анасы жыртқыштың аузынан жұлып алып, үйіне қашып үлгереді. Рупали Мешрам бірнеше жерден жарақат алса да, қазір өміріне қауіп төбейді екен. Ал жолбарыс асықпай қозыны жеп болған соң жөніне кете барған.