Пәкістанда әскери тікұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

0
526

Тірі қалғандар жоқ.


Пәкістанда әскери тікұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында әскери тікұшақ құлап, алты адам мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сейсенбі күні жергілікті әскерилер хабарлағандай, әуе кемесінің сынықтары табылған, тірі қалғандар жоқ.

Тікұшақ су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету миссиясын орындауға шыққан. Кейін онымен байланыс жоғалған. Борттағы алты адам көз жұмды. Олардың қатарында 12-корпустың жоғары дәрежелі әскери қолбасшысы генерал-лейтенант Сарфраз Әли бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат қолайсыз ауа райы салдарынан болған.

Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Пәкістанның табиғи апаттарымен күрес жөніндегі ұлттық басқарманың мәліметінше, елде14 маусымнан бері муссондық жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 502 адам қаза тауып, тағы 593 адам зардап шеккен.