Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты

0
646

Екі көліктің соқтығысуы кезінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин өртенген.


Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысып, 15 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның батысында жанармай тасымалдаушы көлік апатқа ұшырап, салдарынан 15-тен аса адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар автобусы мен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып, салдарынан 15-тен аса адам көз жұмған. Бұл туралы жұма күні The Express Tribune газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша оқиға Килла-Сайфулла аймағына жақын жерде болған. Екі көліктің соқтығысуы кезінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин өртенген. Екеуі де отқа оранған күйі жыраға түсіп кеткен.