​Пәкістанда құмды дауылдан 5 адам қаза тапты

0
1 566

Табиғи апаттан өңірде талдар құлап, электр сымдары үзілген.


​Пәкістанда құмды дауылдан 5 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның Карачи қаласы мен маңындағы елді мекендерде құм аралас дауыл тұрып, 5 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Оның екеуі кішкентай бала. Тағы 36 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Бұған дейін бір тұрғын қаза тауып, 10 кісінің жарқаттанғаны хабарланған еді. Табиғи апаттан өңірде талдар құлап, электр сымдары үзілген. Бірнеше оқу ғимараты мен медресенің шатыры опырылып түскен. Ойран салған дауылдан бес автобус пен жүк көлігі және полицей көлігі аударылып қалған. Қазір жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.