Пәкістанда пойыздар соқтығысуынан он шақты адам көз жұмып, 67 адам зардап шекті

0
790

Рахимъяр-Хан қаласында жолаушылар пойызы бар қарқынымен жүк пойызына соқтығысқан.


Пәкістанда пойыздар соқтығысуынан он шақты адам көз жұмып, 67 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Пенджаб провинциясында жолаушылар және жүк пойызы соқтығысып, кем дегенде 9 адам мерт болды, деп жазады «Хабар 24».

Тағы 67 адам зардап шеккен. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, Geo.tv телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметі бойынша Рахимъяр-Хан қаласында жолаушылар пойызы бар қарқынымен жүк пойызына соқтығысқан. Зардап шеккендер арасында 11 бала болған. Қазір олар жақын жердегі ауруханаларға жеткізіліп жатыр.