Пәкістандық ұшқыштардың 30%-ы жалған лицензиямен жұмыс істеген

0
628

Тексеру нәтижесінде 300-ге жуық ұшқыштың жазбаша емтиханды тапсырмағаны анықталды.


Пәкістандық ұшқыштардың 30%-ы жалған лицензиямен жұмыс істеген

ERNUR.KZ. Пәкістандағы азаматтық авиация ұшқыштарының 30%-тен астамы жалған лицензиямен жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Хабар24.


«Бұл туралы Карачидегі ұшақ апатынан кейін белгілі болды», - дейді елдің авиация министрлігі.


Тексеру нәтижесінде 300-ге жуық ұшқыштың жазбаша емтиханды тапсырмағаны анықталды.

Тестілеуден өтпегендердің көпшілігі Пәкістан халықаралық әуе желісінің қызметкерлері. Олардың барлығына тергеу аяқталғанға дейін ұшуға тыйым салынды. Яғни, 150 ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда елдің оңтүстігінде болған ұшақ апатынан 98 адам қайтыс болған еді. Лайнердің дыбыстық жазбасы соңғы секундқа дейін жұмыс істеген. Ұшқыштар коронавирус тақырыбын талқылап, ұшақты басқаруға мән бермеген көрінеді. Сонымен біргеП әуе қозғалысының диспетчерлері қозғалтқыштардың жерге соқтығысуы туралы айтпаған.