Палауға таласқандардың адам шошырлық видеосы тарады (видео)

0
7 566

Видеода таласқан адамдардың арасында қысылып қалғандардың жантүршігерлік дауыстары естіледі.


Палауға таласқандардың адам шошырлық видеосы тарады (видео)

иллюстрациялық фото

Әлеуметтік желілердің бірінде қазанда пісіп тұрған ыстық палауға таласқан адамдар бейнеленген бейнежазба тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бейнежазбада байқалғандай, адамдар үлкен қазандағы ыстық палауға жанталаса ұмытылып, бірінің үстіне бірі шығып кеткен. Қазандағы палауды қолдарына түскен ыдыспен таласа-тармаса алып жатыр. Бұл оқиғаны сол жердегілердің бірі видеоға түсіріп жатса, енді бірі қысылып қалғаннан айғайлап әлек.

Палауға таласқан адамдардың оқиғасы осы жылдың 10 қарашасында Душанбе қаласында өткен көрінеді. Тәжікстанның астанасындағы Фирдоуси паркінде өткен арнаулы «Оши палав» фестивалінде алып қазанға 1 000 кг палау басылған. Мың келілік палауды түні бойына 7 аспаз бірігіп дайындап, ертеңіне келушілерге тегін таратпақ болған көрінеді (дерек - ca-news.org сайтынан).

Бірақ соңы осындай таласқа ұласып кеткенін видеодан байқауға болады.