Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соқтығысып қаза болды

0
1 563

Мензелин ауданында жеті спортшы 4 мыңнан 1,6 мың метрге дейінгі биіктіктен секірген.


Парашютпен секірген екі адам бір-біріне соқтығысып қаза болды

Татарстанда парашютпен секірген екі адам аспанда бір-біріне соғылып қаза болды. Бұл оқиғаның мән-жайын Ресейдің тергеу комитеті анықтап жатыр деп хабарлайды Sn kz.

Мензелин ауданында жеті спортшы 4 мыңнан 1,6 мың метрге дейінгі биіктіктен секірген. Парашюттер ашылған уақытта бір спортшы екіншісіне келіп соғылған. Екеуі де естен танып қалады, олар қосалқа парашютпен жерге түскен. Біреуі жедел жәрдем көлігінде, екінші ер адам ауруханада көз жұмады.

Аэроклуб қызметкерлерінің айтуынша, қаза болғандардың әрқайсысы кемінде 600 рет парашютпен секірген.