Париждегі мұражай мүсіндерін сатып жатыр

0
1 011

Роден мұражайы 1919 жылы ашылған.


Париждегі мұражай мүсіндерін сатып жатыр

ERNUR.KZ. Париждегі Роден мұражайы мүсіндердің қоладан жасалған көшірмелерін сатып жатыр. Өйткені пандемия кесірінен мәдени нысанның шығыны артқан, деп хабарлайды Хабар24.


Негізі бұл мұражай 1919 жылы ашылған. Былтыр мұнда 570 мың адам келген екен. Олардың көбі шетелдік туристер.
Алайда коронавирусқа байланысты шекаралар жабылғандықтан, биыл келушілердің саны 200 мыңнан аса қоймас деген болжам бар.
Француз мүсіншісі Роден көз жұмғаннан кейін мәрмәрдан жасалған жұмыстарының көшірмелерін қоладан қайталап, оларды сатуға рұқсат берген. Енді мұражай соның арқасында шығындарының бір бөлігін жабуға ниетті.

Мұражайымыздың бір ерекшелігі сол бізге үкімет ақша бөлмейді десек болады. Қаржыланыру негізінен билеттерді сатудан түскен ақша есебенін жүргізіледі. Мүсінші Роденнің қалауы осындай болған. Мемлекет тарапынан тек құрылыс жұмыстары мен ірі жобаларға ғана қолдау көрсетіледі. Сондықтан биылғы шығындарымыздың 4 жарым миллион еуроға жуықтайтын түрі бар. Өкінішке орай, жағдай келесі жылы түзеледі деп ойламаймыз. Бәрі тек 2-3 жылдан кейін ғана қалпына келуі мүмкін, - дейді Роден мұражайының директоры Кэтрин Шевиллот.